Негізгі өзгерістер: кім қай орынға түсті?
Жаңартылған рейтинг бірнеше салмақ дәрежесін қамтып, Қазақстан өкілдерінің позицияларына әсер етті.
Бек Нұрмағанбет (екінші орта салмақ)
- 2 орынға төмендеп, 11-орынға сырғыды.
Руслан Мадиев (жартылай орта салмақ, WBA Asia чемпионы)
- Өз орнын сақтап, 10-орында қалды.
Сұлтан Зәуірбек (екінші жартылай жеңіл салмақ)
- 3-орыннан 4-орынға төмендеді.
Зәуірбектің жағдайы алаңдатады
Сұлтан Зәуірбек үшін соңғы уақытта рейтингте төмен сырғуы бірінші рет қайталанып отырған жоқ. Бұған дейін ол тағы бір беделді ұйым — WBO рейтингінде де позициясынан айырылды.
- Бұрынғы орны: 14-орын
- Қазіргі рейтингте: тізімнен тыс.
Соған қарамастан, қазақстандық боксшының кәсіби рекорды әлі де мінсіз:
- 20 жеңіс, 0 жеңіліс (13 нокаут).
Фото: NUR.KZ.














