Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің өтпелі кезең ойындарында Еуропа құрлығы бойынша финалға жолдама алған соңғы 4 құрама анықталды.
Мұндай мүмкіндікке Түркия, Швеция, Чехия, Босния және Герцоговина құрамалары ие болды.
Финалда Түркия Косовоны 1:0, Швеция Польшаны 3:2 есебімен жеңіп, дүбірлі додаға жолдаманы қалтаға басты.
Ал негізгі және қосымша кезеңде Чехия -Дания 2:2, Босния және Герцоговина — Италия 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында Чехия, Босния және Герцоговинаның жолы болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жарыс қожайындары — АҚШ, Мексика, Канададан өзге Еуропадан — Франция, Хорватия, Португалия, Норвегия, Нидерланд, Германия, Бельгия, Аустрия, Швейцария, Испания, Шотландия, Англия, Азиядан — Жапония, Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия, Сауд Арабиясы, Қатар, Оңтүстік Америкадан — Аргентина, Бразилия, Эквадор, Колумбия, Парагвай, Африкадан — Марокко, Тунис, Египет, Алжир, Гана, Кабо-Верде, Оңтүстік Африка, Сенегал, Кот-д’Ивуар, Солтүстік Америкадан — Кюрасао, Гаити, Панама, мұхит аймағынан — Жаңа Зеландия жолдама алған еді.
Енді тағы екі жолдама иесі құрлықаралық өтпелі ойындардағы Қазақстан уақытымен Боливия — Ирак, Ямайка — Конго Демократиялық Республикасы құрамалары арасындағы ойындарда анықталады.
Айта кетсек, алғаш рет әлем чемпионатында 48 құрама бақ сынайды. Қазір оған 42 құрама жолдама алып үлгерді.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ-тың Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк, Филадельфия, Сан-Франциско, Сиэтл, Канаданның Торонто, Ванкувер және Мексиканың Гвадалахара, Мехико, Монтеррей қалаларында өтеді.
Фото: UEFA.com.














