Өзбекстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінің шешуші матчында Венесуэланы тізе бүктірді, деп хабарлайды penalty.kz.
Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионындағы кездесу негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Матч 0:0 есебімен аяқталды.
Бірақ пенальти сериясында өзбекстандық футболшылар дәлдікті жоғалтпай, қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.
Топтағы тағы бір матчта Габон құрамасы Тринидад және Тобагоны пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтты. Ал негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталған.
Осылайша шағын турнир қорытындысы бойынша:
- Өзбекстан — 6 ұпай, 1-орын
- Венесуэла — 3 ұпай, 2-орын
- Габон — 2 ұпай, 3-орын
- Тринидад және Тобаго — 1 ұпай, 4-орын
Өзбекстан турнирді сенімді бастады
Еске салсақ, Өзбекстан алғашқы ойында Габонды 3:1 есебімен жеңді. Ал Венесуэла Тринидад және Тобаго құрамасын 4:1 есебімен ойсырата ұтқан.
Фото: Instagram/@uzbekistanfa.














