16 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Әл-Фараби Мәделханов Бельгияның 19 жасқа дейінгі чемпионатында дебют жасады, деп жазады Аладоп.kz.
Әл-Фараби Мәделханов Астана қаласының тумасы. Бұған дейін елордалық «Динамо» мен «Оңтүстік» академиясының намысын қорғаған. Сондай-ақ Түркияда өнер көрсетті. Былтыр Бельгияға қоныс аударды. Айта кетейік, 2013 жылдың наурызында «BX Brussels» клубын «Манчестер Ситидің» бұрынғы қорғаушысы Венсан Компани сатыл алған. «BX Brussels» клубтың негізгі командасы аймақтық лигада өнер көрсетеді.
Фотода: Әл-Фараби Мәделханов.














