Халықаралық турнирге бірнеше ел қатысады
- Қазақстан
- Қырғызстан
- Моңғолия
- Тәжікстан
- Ауғанстан
- Қытай
Сарапшылардың пікірінше, турнирдің басты фавориттері — Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары.
Қазақстан құрамасы жас ойыншылардан жасақталды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрдәулет Момынов бұл турнирге жас ойыншылардан құралған құрамды алып келді.
Құрамда:
- Қуаныш Кәден
- Ерғалым Жақсылық
- Ернат Мәлімбай
- Елдос Асыл
- Нұрдәулет Әлімбек
- Жанболат Ақбай
Жалпы саны — 12 көкпаршы ел намысын қорғайды.
Турнир қашан өтеді?
Халықаралық жарыс 27–29 наурыз аралығында өтеді. Ал бүгін мандаттық комиссия отырысы, жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылады. Негізгі ойындар ертең басталады.
Фото: Orda.kz.














