WBO нұсқасы бойынша рейтингте жоғары тұрған Тим Цзю сұхбат барысында өз ұстанымын ашық айтты.
«Оның қазір рингтен тыс қалғаны маңызды емес. Мен ешқашан жекпе-жектен бас тартқан емеспін. Мен әрдайым «иә» деймін. Жәнібекпен де, басқа қарсыласпен де жұдырықтасуға дайынмын», — деді Цзю.
Әлімханұлы әзірге дисквалификацияда
Жәнібек Әлімханұлы допингке байланысты спорттан уақытша шеттетілген болатын. Соған байланысты қазақстандық боксшы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін рингке шыға алмайды. Дегенмен WBO ұйымы оған чемпиондық титулды сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Дисквалификация аяқталғаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентли — Эндри Сааведра жекпе-жегінің жеңімпазымен міндетті түрде кездесуі тиіс.
Бұл — WBO титулын қорғау аясындағы негізгі талаптардың бірі.
Фото: championat.com.














