Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, өлім жазасы дарға асу арқылы орындалған. Мохаммадимен бірге Қом қаласында тағы екі сотталған да жазаланған.
Құқық қорғау ұйымдары жас спортшының ісі өте қысқа мерзімде қаралғанына назар аударды. Салех Мохаммади 15 қаңтарда қамауға алынып, 4 ақпанда оған өлім жазасы кесілген. Осылайша, тергеу мен сот процесі үш аптаға да жетпеген.
Сондай-ақ халықаралық құқық қорғаушылар Мохаммадидің тергеу кезінде азаптауға ұшырағанын, ал сот процесі өрескел заңбұзушылықтармен өткенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, спортшыға әділ қорғану мүмкіндігі берілмеген.
Салех Мохаммади Ирандағы болашағынан зор үміт күттірген жас спортшылардың бірі саналған. 2024 жылдың күзінде ол Ресейде өткен турнирде қола жүлде алып, 19 жасқа дейінгі санат бойынша Иран ұлттық құрамасына ресми шақырту алған.
Фото: foxnews.com.














