«Ақтөбе» албаниялық «Партизани» клубында ойнайтын 25 жастағы артқы жартылай қорғаушы Аднард Мехметимен келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ақ-қызылдар» косоволық футболшының трансфері бойынша келіссөздердің соңғы кезеңіне таяп қалды. Бойы 190 сантиметрді құрайтын Мехмети қажет болса орталық қорғаушы позициясында да ойнай алады.
Оның албаниялық клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. Биылғы маусымда ол 23 матчқа қатысты.
Трансфер кезеңі аяқталғанға дейін «Ақтөбеден» бірнеше легионер кетуі мүмкін. Олардың қатарында нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиу да бар.
Фотода: Аднард Мехмети.














