«Қайраттың» қазақстандық қорғаушысы Александр Широбоков мансабын грозныйлық «Ахматта» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Жас футболшы Чемпиондар лигасындағы сенімді ойынымен ресейлік клубтың бапкерлер штабының назарына ілікті. Өткен маусымда «Қайрат» түлегі барлық жарыстарда 17 матч өткізіп, миландық «Интерге» қарсы ойында (1:2) нәтижелі паспен көзге түсті.
Широбоковтың трансферлік құны 250 мың еуроға бағаланады. Қорғаушы – Қазақстанның үш дүркін чемпионы, сондай-ақ ел Кубогы мен Суперкубогының иегері.
Еске салайық, грозныйлық клубта қазірдің өзінде Қазақстан құрамасының екі футболшысы – Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетуде. Команданы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.
Фотода: Александр Широбоков.














