Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) рейтингін жаңартты.
Қазақстан құрамасының көрсеткіші өзгеріссіз қалған.
Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құрама қыркүйек айында екі ойын өткізді. Ұлттар лигасында 6 қыркүйек күні Алматыда Норвегия құрамасымен тең ойнады. Бұл ойында 0:0 есебі тіркелді.
Жаңарған рейтингте Қазақстан 109-орнын сақтап қалған. Келесі ойынын қазан айында Австрияға қарсы өткізеді.
Фото: kff.kz.