«Валенсия» академиясының 14 жастағы шабуылшысы Ғабидолла Оразалы жасөспірімдер арасындағы Испания аймақтар турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық футболшы турнирдің финалдық ойынына қатысты, онда Валенсия қауымдастығының құрамасы Каталония командасын 2:0 есебімен жеңді. Оразалы екінші таймда, матчтың 70-минутында алаңға алмасуға шықты:
«Алғаш рет өңір құрамасына шақырылу – үлкен қуаныш пен жауапкершілік болды. Бала үшін де, біз үшін де ұмытылмас сәт. Себебі Валенсия құрамасына түсу үшін көптеген сатылардан өту керек, бұл – ең мықты ойыншылардан жасақталған команда», – деді Оразалының әкесі.
«Астана» футбол орталығының бұрынғы шабуылшысының ата-анасының айтуынша, жаңа командаластары оны жылы қабылдаған:
«Командадағы жігіттер Ғабидолланы тез қабылдады, атмосфера жақсы болды. Себебі бір-бірімен кездесіп жүрген ойыншылар. Құрама өз жоғары класын көрсетті, нәтижесінде Испанияның U-14 санатында чемпион атанды».
Сонымен қатар, «жарқанаттар» түлегі Мадридтің үздік футболшыларына қарсы жартылай финалдық ойында (3:1) 30 минут өнер көрсетті. U-14 Кубогының алты маусымында валенсиялықтар екінші рет жеңіске жетіп отыр.
Фотода: Ғабидолла Оразалы (ортада).














