«Қайсар» футбол клубында директор ауысады. Талғат Әбдіғаппарұлы қызметінен кетіп, оның орнына жаңа басшы тағайындалады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қызылордалық клуб жақында меценат Исламғали Қозбақовтың қол астына өткен болатын. Жаңа басшылық клубтың инфрақұрылымы мен академиясын дамытуға ниетті.
Талғат Әбдіғаппарұлы өткен жылдың басында директор қызметіне келді. Оның жетекшілігімен команда тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетті.
Қазір клубтың жалпы қарызы шамамен 600 миллион теңгені құрап отыр. Футболшылар, жаттықтырушылар және клуб қызметкерлері өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін сотқа жүгінуді жоспарлауда.
Фотода: Талғат Әбдіғаппарұлы (оң жағында).














