Ақпарат көзіне сүйенсек, Берік Досымбеков өңірдің спорт саласында көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол аталған секторды он жылдан астам уақыт бойы басқарып, ұйымдастырушылық және басқарушылық тәжірибесімен танылған.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің басы дауға қалды. Нақтырағы, ол өзінің орынбасары, самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімхановпен келіспей қалып, жанжал төбелеске ұласқан. Бұл оқиға көпшілік арасында қызу талқыланды. Сонан соң екеуі де өз еркімен жұмысынан кеткені анықталды.
Фото: Gov.kz.














