Халықаралық турнир аясындағы айқастар Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Жекпе-жектер екі рингте қатар өтеді, деп хабарлайды penalty.kz.
Кім жекпе-жек өткізеді?
5 ақпан күні Қазақстан атынан 13 боксшы рингке шығады. Жекпе-жектер екі рингте қатар өтеді. Айқастардың басталу уақыты — 19:30 (Қазақстан уақытымен).
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляцияны мына жерден көруге болады.
Ринг A
- Әйелдер, 60 кг: Евгения Графеева — Мауд ван дер Торн (Нидерланды)
- Әйелдер, 65 кг: Нәзерке Серік — Марианна Сото (Испания)
- Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан — Элвин Ванукага (Швеция)
- Ерлер, 60 кг: Серік Теміржанов — Кеома-Али әл-Ахмади (Канада)
- Ерлер, 75 кг: Тимур Нұрсейітов — Кайл Шоу-Таллин (Англия)
- Ерлер, 90 кг: Оңталап Рахманов — Энмануэль Рейес Пла (Испания)
- Ерлер, +90 кг: Нұрасыл Асылхан — Саван Гилл (Үндістан)
Ринг B
- Әйелдер, 60 кг: Виктория Байдукова — Татьяна Довгаль (Украина)
- Әйелдер, 65 кг: Ақнар Ищанова — Каял (Үндістан)
- Ерлер, 55 кг: Бексұлтан Боранбек — Максимус Томинес (Канада)
- Ерлер, 75 кг: Аман Қонысбеков — Хассана Эль Кадми (Франция)
- Ерлер, 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Кандоро Сукуна (Франция)
- Ерлер, +90 кг: Айбек Оралбай — Мэтт Уильямс (Англия)
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 турнирі — Қазақстан боксшылары үшін 2026 жылғы алғашқы ірі халықаралық жарыс. Ерлер ұлттық құрамасы бұл турнирде жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен алғаш рет өнер көрсетіп жатыр.
Фото: Zakon.kz.














