Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахтияр Артаев «Қайсар» футбол клубының қаржылық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Beksports YouTube арнасына берген сұхбатында ол клубтың мойнындағы жүз миллиондаған қарызды қалай өтеп жатқандарын баяндады.
Қарыз қалай азаюда?
Олимпиада чемпионы қызметке келген сәтте клубтың қаржылық ахуалы мәз болмағанын жасырмады. Артаевтың айтуынша, ол лауазымды иеленгенде «Қайсардың” берешегі 760 миллион теңгені құраған.
Соңғы 7 ай ішінде жүргізілген оңтайландыру жұмыстарының нәтижесінде 130 миллион теңге көлеміндегі қарыз толықтай қайтарылды дәне қазіргі таңда клубтың қалған берешегі 620 миллион теңгені құрап отыр.
«Мен бұл қызметке келгенде «Қайсарды” 760 млн теңге қарызымен қабылдап алдым. Содан бері атқарылған жұмыстардың арқасында 130 млн теңгесін жаптық.» — деді басқарма басшысы.














