Түркістанның «Тұраны» әйелдер клубтары арасында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында бастапқы кездесуін өткізді.
Аталмыш жарыста 7 команда екі топқа бөлінген.
Асқар Шалқыбековтің шәкірттері бүгін өз тобында Hirdaramani SC (Шри-Ланка) командасымен ойнады. Түркістандық волейболшылар алғашқы екі партияда аса қиналған жоқ — 25:11, 25:8. Соңғы сет те «Тұранның» пайдасына шешілді — 25:20. Қорытынды есеп — 3:0.
Түркістандық клуб 6 ақпан күні алаң иелері — WAMCO (Мальдив) командасымен кездеседі.
Өткен жылы ерлер клубтары арасында Мале қаласындағы осындай жарыста Оралдың «Жайығы» топ жарған болатын.
Фото: instagram.com/vc.turan_turkistan.














