Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан нарығы үшін қымбат саналатын футболшыларды шақыруды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Қасқырлар» ойыншылардың бір айлық жалақысына 5 миллион теңге (шамамен 10 мың доллар) көлемінде шектеу қойды. Бұл талаптан тек 35 жастағы нигериялық Виктор Мозес ғана тыс қалды. Ол клубпен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
Бұрын «Челси», «Ливерпуль» және «Спартак Мәскеу» клубтарында ойнаған футболшы «Қайсар» үшін жалақысын төмендетуге келіссе де, оның алатын айлығы қойылған шектеуден бірнеше есе көп болып отыр.
Өткен маусымда «Қайсар» тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетті. Ал жаңа маусымда команданы отандық маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады.
Фото: Виктор Мозес.













