Француз футболының аңызы қазір жаңа клубпен келіссөз жүргізіп жатыр екен, дейді penalty.kz.
Франция футболының символына айналған Зинедин Зидан ұзақ үзілістен кейін жаттығушылық қызметке қайта оралатынын растады. 53 жастағы маман қазір жаңа командамен келіссөздің соңғы кезеңінде.
Әлем және Еуропа чемпионы журналистерге берген сұхбатында келіссөздердің соңғы сатысына жеткенін айтып, жаңа жобасына дайын екенін жеткізді.
«Иә, мен футболға қайта келемін. Уақыты келді. Барлығы дерлік шешіліп қалды», — деді Зидан.
Бұл — 2021 жылдан бергі оның алғашқы тағайындауы болмақ.
«Реалдағы» алтын дәуір
Зиданның бапкерлік мансабы мадридтік «Реалмен» тікелей байланысты. Оның жетекшілігімен «корольдік клуб» футбол тарихында сирек кездесетін жетістікке жетті:
- Үш мәрте қатарынан УЕФА Чемпиондар лигасын (2016, 2017, 2018) ұтты,
- Испания чемпионы атанды,
- Суперкубок пен екі рет Клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.
Осы жетістіктер Зинедин Зиданды XXI ғасырдың ең табысты және беделді бапкерлерінің біріне айналдырды.
Фото: pressball.by.














