Кеше түнде Арбелоа бастаған «Реал» екінші лига командасы «Альбасетеден» 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Нәтижесінде, мадридтіктер Испания кубогынан шығып қалды, деп жазады penalty.kz.
Зидан мадридтік клубты екі рет басқарған

Зидан «корольдік клубты» екі рет басқарды: 2016–2018 және 2019–2021 жылдары. Оның жетекшілігімен «Реал» үш мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алды, сондай-ақ Испания чемпионаты мен Суперкубогын екі реттен, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын да екі мәртеден ұтып алды. Бұдан бөлек, 2001–2006 жылдар аралығында Зидан «Реалдың» намысын футболшы ретінде қорғап, клуб тарихында өз есімін мәңгілікке қалдырды.
Фотода: Зинедин Зидан мен Флорентино Перес.














