«Ордабасының» 25 жылдан бергі жанкүйері ретінде пікір айтайын.
Команданы не істеп жібердіңіздер, Ғабит Сыздықбеков мырза.
Не мынау? Қане мақтаған бапкер?
Молдовадан 3-4 мигрант әкелгеннен басқа түк бітірмеді. Отыз мың жанкүйерге обал болды. Он легионері де түк бітіре алмады.
Асхаттың айлығын санап қуып жібергенімен клубқа бөлінетін ақша азайды ма? Көздерінде от жоқ легионерлер келді.
Қазақ клубтарын жеңіп көрмеген нашар командаға жол беру деген – сорлылық. Футболды эмоциямен ғана басқару мүмкін емес, стратегия, саясат керек. Қатты қапа болдық.
Ұят…
«Торпедо» деген нашар клуб. Соны жеңе алмау… Масқара.
Пікір иесі Ғабит Сапарбеков.