• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 26 января, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Жекешелендірілген «Жайық» клубында не өзгеріс бар

Өткен маусымда «Жайықтың» екінші лиганың чемпионы атанғаны белгілі

26/01/2026
in Футбол
0 0
0
Australian Open: Александр Бубликтің жеңісті сериясы тоқтады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

«Жайық» футбол клубының қызметін ұйымдастыру үшін 2026 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 338 млн 098,2 млн теңге бөлінді.

«Жайық» футбол клубынан мәлім еткеніндей, өткен жылы 378 млн 669,9 мың теңге қаралған болатын.

Бюджет қаражаты клубтың жаңа маусымға толыққанды дайындалуын қамтамасыз етуге бағытталады. Атап айтқанда, негізгі команда мен футбол орталығының спорттық және медициналық жарақтандырылуы, оқу-жаттығу жиындарын өткізу, жарыстарға қатысуға байланысты іссапар шығындары, футбол алаңдары мен көлікті жалға алу, сондай-ақ өзге де операциялық шығындар осы қаржы есебінен өтеледі.

Сонымен қатар футбол орталығының бапкерлер құрамы, жасөспірімдердің оқу-жаттығу жиындары мен жарысқа дайындығы да бюджет аясында қамтамасыз етіледі.

Өткен жыл басында құрылған «Жайық» футбол клубы жекеменшік негізде жұмыс істейді. Клуб құрылымына негізгі команда және балалар-жасөспірімдер футбол орталығы кіреді.

«Жайық» футбол клубының мәліметіне сәйкес футбол орталығы Орал қаласында орналасқан. Оған қоса аудандармен өзара ынтымақтастық аясында өңірлік балалар футболын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2025 жылы клубқа демеушілер тарапынан 36 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Ал биылғы маусымға нақты демеуші әлі бекітілген жоқ. Дегенмен, бірнеше компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, клуб басшылығы оң нәтиже болады деп үміттенеді.

Өткен маусымда «Жайықтың» екінші лиганың чемпионы атанғаны белгілі. Сөйтіп, спорттық қағида бойынша бірінші лигаға жолдама алды.

Алдағы маусымдағы басты мақсат — бірінші лигада лайықты өнер көрсету және клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Футбол орталығының жас санаттары 9 деңгейге дейін кеңейтіледі. Сондай-ақ биылдан бастап «QJ League» жарысына қатысу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Орта мерзімді, яғни 2-3 жылдық стратегиялық мақсат — негізгі құрамды кезең-кезеңмен жергілікті тәрбиеленушілермен күшейту.

Футбол орталығы 9 жас санаты бойынша жұмыс істейді және жас спортшылардың республикалық жарыстарға қатысуына мүмкіндік береді. Орталық жоғары санатты, тәжірибелі жергілікті жаттықтырушылармен толық қамтылған. Қазіргі таңда футбол орталығында 400-ге жуық бала тұрақты түрде жаттығады. Олардың қатарында қыздар командасы да бар.

Клуб басшылығы құрамында Қазақстан ұлттық құрамаларымен жұмыс істеген тәжірибелі, білікті маман бар.

Жуырда футбол орталығының жаңа басшысы Александр Кузнецов және осы орталықтың маманы, қақпашылар жаттықтырушысы Азат Құрманов клуб құрамына таныстырылды.

– Кездесу аясында клуб пен футбол орталығының даму бағыттары, алдағы жоспарлар мен негізгі мақсаттар талқыланып, бірлескен жұмыс, тәжірибе алмасу және кәсіби ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ жаңа мамандар футбол орталығының жаттығу процесімен танысып, балалар командаларының жаттығуларын бақылап, алғашқы кәсіби пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Алдағы кезеңде футбол орталығының жүйелі дамуына, жаттықтырушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыруға және жас футболшыларды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жұмыс жоспарлануда, — делінген ресми мәліметте.

Күні бүгін «Жайық» футбол клубы Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

– Командамыз жоспар бойынша күніне екі рет жаттығу жасап жатыр. Бас бапкер Вячеслав Невольниковтың айтқанын бұлжытпай орындап, дайындалудамыз. Құрамның көңіл-күйі керемет. 28 қаңтар күні «Академия Оңтүстік» командасымен алғашқы жолдастық кездесу өткіземіз. Жанкүйерлер алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа маусымда жақсы өнер көрсетеміз деген ойдамыз, — деді «Жайықтың» капитаны Бауыржан Омаров.

Фото: Мейірбек Тажқұранов.

Tags: “Жайық” ФКБірінші лигаҚазақстанның бірінші лигасыҚПЛ
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Australian Open: Александр Бубликтің жеңісті сериясы тоқтады

Нұржан Насанов бокстан Қазақстан құрамасының алдағы жоспарын жариялады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Ең көп оқылған

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In