• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Жаңа заң қабылданды: Енді спортта не өзгермек

Жаңартылған заңда спорт федерацияларының мәртебесі нақтыланды

18/06/2025
in Енді не істейміз?, Олимпиада, Ұлттық спорт
0 0
0
Әлем чемпионатында Өзбекстанға жанкүйер боламыз –Тоқаев
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстанда дене шынықтыру мен спорт саласын реформалауға бағытталған жаңа заң өз күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң енді ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп жазады 1bol.kz.

Аталған заң жобасын Туризм және спорт министрлігі әзірлеген. Негізгі мақсат — спорт саласын жаңғырту, саясаттың тиімділігін арттыру және бюджет қаражатын тиімді әрі ұтымды пайдалану.

Бюджет лимиттері мен басым спорт түрлері

Жаңа заң аясында командалық спорт түрлеріндегі клубтарды қаржыландыруға арналған бюджет лимиттері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты бекітілді. Бұл инфляцияны ескеруге және жыл сайынғы қысқартулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде елімізде басым бағыт ретінде 60-тан астам спорт түрі айқындалған. Оның ішінде 30-ға жуығы әрбір өңірде жүйелі түрде дамытылып келеді. Бұл тізімге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындарына енген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорттар кіреді.

Федерациялар мәртебесі мен спортшылар құқығы

Жаңартылған заңда спорт федерацияларының мәртебесі нақтыланды. Республикалық және өңірлік бірлестіктер енді ұлттық аккредитациядан өткен федерациялар деңгейінде жұмыс істейді. Аккредитация шарттарының бірі — жергілікті федерациялардың ұлттық құрылымдарға мүше болуы.

Сонымен қатар, І топтағы мүгедектігі бар спортшылардың сүйемелдеушілерінің қызметі заңмен қорғалды. Олар жаттығу мен жарыс кезінде спортшыға көмек көрсету құқығына ие. Бұл — инклюзивті спортты дамыту бағытындағы маңызды қадам.

Басқару жүйесі мен реформа қажеттілігі

Заң аясында спорт ұйымдары басшыларын бес жылдық мерзіммен ротациялау жүйесі енгізілді. Егер белгілі бір ауданда жалғыз спорт құрылымы болса, ротация облыс ішіндегі көршілес аудан немесе қала арасында жүзеге асады.

Реформа спорт саласындағы қазіргі жағдайды терең талдау негізінде қолға алынды. Елімізде 180-нен астам спорт түрі дамып жатқанына қарамастан, халықаралық деңгейде тұрақты нәтиже беріп отырғаны — небәрі 14 жазғы және 5 қысқы олимпиадалық спорт түрі. Қаржылық шығындардың артуы мен жүйелі тәсілдің жетіспеушілігі заңнамалық өзгерістердің өзектілігін айқындады.

Фото: ҰОК.

Tags: жемқорлықлегионерлерҰОК
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Әлем чемпионатында Өзбекстанға жанкүйер боламыз –Тоқаев

Азия боксы Қазақстанның ең жас сұлу боксшысын мойындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In