Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуірде Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады, деп жазады 1bol.kz.
Осы кештен дәл бір ай бұрын, яғни бүгін 5 наурызда билеттер сатылымға шықты.
Билеттің ең арзаны 20 мың теңгеден басталып, 255 мың теңгеге дейін екен.
Айта кетейік, аталған бокс кешінде Батыр Жүкембаев, Сұлтан Зәуірбек, өзбекстандық Баходир Жалоловтар да жұдырықтасады деп жоспарланған.
Фото: Nomad Promotions.