• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 26 января, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Жәнібек Әлімханұлының «В» сынамасы допинг барын растады

Жәнібекке көптеген сұрақ қойылды

21/01/2026
in Бокс
0 0
0
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері тағайындалды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, Әлімханұлы тергеу аяқталғанға дейін барлық жекпе-жектен шеттетілді.

Бір күн бұрын Ерденбеков Instagram желісіндегі парақшасында бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ісі қаралып жатқанын хабарлағанымен, нақты мәлімет бермеген еді.

20 қаңтарда ҚКБФ президенті алғаш рет Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасының қорытындысын жариялап, тыңдау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

— Жақында Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын сараптама қорытындысы келіп, В сынамасы расталды (Әлімханұлында допинг бар екені —ред). Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты юрисдикцияны біздің федерация өз қолына алды. Өйткені ол — федерациямыздың лицензияланған боксшысы. Сонымен қатар оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямызбен ұйымдастырылды. Қазір басты мәселе — ол бұл затты әдейі қабылдады ма, жоқ па? Оның ағзасына қалай түсті? Әзірге осы сұрақ ашық күйінде тұр, — деді Рахымжан Ерденбеков.

Ол бір күн бұрын, 19 қаңтарда өткен тыңдаудың егжей-тегжейін де айтып берді.

Белгілі болғандай, Әлімханұлының ісін тәуелсіз сарапшылар да, ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері де қарап жатыр. Тыңдау спортшының кінәсіздік презумпциясын қуаттай отырып, халықаралық спорт құқығы стандарттарына сәйкес өткізіліп жатыр.

— Жәнібекке көптеген сұрақ қойылды. Сәуір айынан бері біз оның осы заттар анықталғанға дейінгі бүкіл өмір жолын тыңдадық. Кеше мен қазір жариялай алмайтын жаңа деректер белгілі болды. 23 қаңтарда тыңдауды жалғастырамыз, — деді Ерденбеков.

Ол істі қарау қорытындысы бойынша барлық материал тиісті ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және басқа да ұйымдарға жолданатынын атап өтті. Титулдарынан айыру немесе айырмау жөніндегі шешімді сол ұйымдар қабылдайды. Ал қазір, тыңдаулар уақытында Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерден шеттетілді.

Еске салайық, 2025 жылдың 6 желтоқсанына жоспарланған WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтетін жекпе-жекке үш күн қалғанда қазақстандық чемпионның сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты табылғаны жарияланды. Сөйтіп Жәнібектің ең маңызды жекпе-жегі тоқтатылды.

Фото: No Limit Boxing.

Tags: БоксдопингЖәнібек Әлімханұлыкәсіпқой боксҚазақстан бокс федерациясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері тағайындалды

«Барыс» Ресейде «Ладаға» есе жіберді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In