• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 27 марта, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауының мән-жайы

20 қаңтар күні спортшының «В» сынамасында да допинг бары расталды

26/02/2026
in Бокс
0 0
0
Чемпиондар лигасы: «Ювентус» «Галатасарайдан» өте алмады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков WBO және IBF нұсқасының әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауын тергеуге байланысты жайды жария етті. 

2025 жылдың 6 желтоқсанына жоспарланған WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен 3 титул үшін өтетін жекпе-жекке үш күн қалғанда қазақстандық чемпионның сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты табылғаны жарияланды.

20 қаңтар күні спортшының «В» сынамасында да допинг бары расталды.

Осыдан кейін World Boxing Organization орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына тыйым салынған мельдоний заты бойынша оң нәтиже көрсеткен допинг сынамасына байланысты бір жыл мерзімге жарыстардан шеттету жазасын қолданды.

Дегенмен, чемпиондық атақтары спортшының өзінде қалдырылды. Шеттету мерзімі ішінде боксшы кез келген кәсіби немесе көрсетілім жекпе-жектеріне қатыса алмайды.

АҚШ-та боксшының ағзасына допингтің қалай түскені туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін, жанкүйерлер арасында «Әлімханұлы сияқты атақты спортшы неліктен жекеменшік клиникаға жүгінді және дәрігерлер мельдонийі бар препарат спортшылар үшін допинг саналатынын неге білмеген?» деген сұрақтар туындады.

Бұл сауалдарға Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков жауап берді.

Оның айтуынша, 9 қаңтардан бастап федерация төрт отырыс өткізіп, 5 сәуірден (Жәнібектің соңғы жекпе-жегінің күні) бастап, жекпе-жек алдындағы тестілеуден өткенге дейінгі уақыт аралығындағы оқиғалардың хронологиясын егжей-тегжейлі қалпына келтірген. Әрбір жаттығу, тамақтану тәртібі, қалпына келу үдерісі және дәрумендер қабылдауы қарастырылған. Сол кезде Әлімханұлының мамырда денсаулығының нашарлауына байланысты мәжбүрлі түрде жекеменшік клиникаға барып, мельдонийі бар екпе алғаны анықталған.

— Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алуға құқығы кепілдендірілген. Бұл құқықтан ешкім айыра алмайды. Аталған жағдайда спорттық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында тыйым салынған затты әдейі қолдану ниеті болмаған. Зат спортшының ағзасына өмірлік көрсеткіштер бойынша түскен. Спортшының өзі препарат құрамында мельдоний бар екенін білмеген. Ал тексеруден кейін емделу шұғыл түрде жүгінген медициналық мекемеде басталған. Себебі демалыс күні болған және жағдайы жедел араласуды талап еткен, — деді федерация басшысы.

Оның айтуынша, дәрігер регламенттелген нормаларға және пациенттің жағдайына байланысты әрекет еткен.

— Сондай-ақ, тағайындалған «Репронат» препараты Қазақстанда тыйым салынбаған және ел бойынша медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылатынын, дәріханаларда еркін сатылатынын атап өткім келеді. Спорт саласына қатысы жоқ дәрігер VADA-ның тыйым салынған препараттар хаттамасын білуге міндетті емес. Тек мамандандырылған спорт дәрігерлері ғана VADA хаттамаларымен егжей-тегжейлі таныс. Себебі олар сол бағытта жұмыс істейді. Медициналық қорытындыда көрсетілген белгілер құрамында цитопротектор ретіндегі мельдонийі бар «Рипронат» дәрісін шұғыл қолданудың дұрыстығын дәлелдейді, — деп жазды Рахымжан Ерденбеков Instagram парақшасында.

ҚКБФ басшысы федерацияның сұрауынан кейін медициналық клиника толық медициналық құжат ұсынғанын атап өтті.

— Клиника тергеу жүргізу барысында ынтымақтастыққа ашық болды. Медициналық көмекке жүгіну фактісі мемлекеттік медициналық қызметтер тізілімінде тіркелген. Бұл деректерді өтіп кеткен датамен өзгерту мүмкіндігіне жол бермейді, — деп сендірді федерация басшысы.

Фото: No Limit Boxing.

Tags: БоксдопингЖәнібек Әлімханұлыкәсіпқой боксҚазақстан бокс федерациясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Чемпиондар лигасы: «Ювентус» «Галатасарайдан» өте алмады

Бүгін Еуропа лигасы 1/8 финалына кімдер шығады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Ең көп оқылған

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In