6 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) өтетін Эрисланди Ларамен айқас алдында боксшы отандастарын құмар ойындарға әуестенбеуге шақырды.
Әлеуметтік желідегі жазбасында әлем чемпионы жастарды ставкалар қоюдан аулақ болуға үндеді:
«Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!», – деп жазды Әлімханұлы.
Бұл жекпе-жек орта салмақтағы ең маңызды кездесулердің бірі болмақ. Айқаста үш чемпиондық белбеу – WBO, IBF және WBA – қатар бәске тігіледі.
Фото: Getty Images.














