Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық Андре Уорд қазақстандық Геннадий Головкинмен айқасқанда не болатын еді деген сұраққа жауап берді, деп жазады Vesti.kz.
— Сіздің Головкинмен жекпе-жегіңізде не болатын еді? Оның мүмкіндігі болды деген сұхбатыңызды көрдік.
— Не болатынын білесіздер, — деп береді Уордтың сөзін vRINGe.com.
— Головкин туралы еститініміз аз. Ол карьерасын аяқтады ма?
— (Күлді).
— Онымен жекпе-жекке шықсаңыз не болатын еді? Оны нокаутқа түсірер ме едіңіз?
— Бұл жекпе-жекте мен жеңетін едім. Мұны білесіздер. Бұл туралы айтқанбыз.
Фото: ©sfgate.com.