• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Волейбол федерациясындағы дау: вице-президент төрешінің басын жарды

Біраз күн бұрын бұл жайтқа еліміздің спорт қауымдастығы араласты

1 июня, 2025
in Ей, бұларың не?
0 0
0
ПСЖ «Интердің» тас-талқанын шығарып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Даулы оқиға Орал қаласындағы төрешілер мен Қазақстан волейбол федерациясының басшылары орналасқан қонақүйдің мейрамханасында сәуір айының ортасында болған, деп жазады 1bol.kz.

Сол күні жергілікті «Жайық» ерлер командалары арасында ел чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды. Ал мерекелік кешкі ас кезінде ҚВФ вице-президенті Ермек Сырлыбаев пен төреші Нұржан Өмірзақ арасында жанжал туындап, кикілжің барысында шенеунік төрешіге ыдыс лақтырып, оның маңдайын жарып жіберген. Кейін оқиға орнына полиция, жедел жәрдем шақыртылғанымен, бұл істі көп ұзамай жауып тастаған. «Бас жарылса, бөрік ішінде» дегенді жөн көретін әдет бойынша. Дегенмен өзінен кешірім де сұрауға жарымаған басшылықтың әрекетінен соң төреші полицияға арыз жазып, ҚВФ президенті Мәди Тәкиевке хат жолдапты. Айта кетейік, Такиев – Қазақстанның Қаржы министрі.

«Ешқандай дөрекі сөз айтқан жоқпын. Тек Ермек Әмірбекұлынан келесі жарысқа тағайындалуым туралы сұрағаным сол еді, ол бірден ашуланып, «мұндай сұрақтармен Айдос Ахметовке (ҚВФ бас хатшысы) және Ирина Қабылбековаға (төрешілерге жауапты менеджер) жүгін» деп айқайлай бастады. Мен: «Жақсы, түсіндім» дедім. Алайда Сырлыбаев мұнымен тоқтамай, мені балағаттап, қорқыта бастады.

Осы сәтте бас хатшы жағдайды реттемек болды. Алайда Сырлыбаев ашуын тежей алмай, бетіме бірнеше рет соққы жасап, жейдемді жыртып жіберді. Өміріме қауіп төнгенін сезіп, орнымнан тұрып кетпек болдым. Бірақ Сырлыбаев есіктің алдынан жолымды бөгеп, жібермей қойды. Амалсыз орныма жайғасып, оны елемеуге тырыстым.

Бір сәтте ауыр бір зат басыма тиіп, қан тоқтамай аға бастады. Мейрамхана қызметкерлеріне рахмет, жедел жәрдем келгенше көмектесті. Жараны тігіп берді. Полиция арыз жазуды ұсынған. Бірақ бас хатшы Айдос Ахметов арыз жазбауымды өтінді, мен көндім», — дейді ол.

Дегенмен төреші полицияға арыздану туралы шешім қабылдаған, сөзінше, осы жайттан соң оның денсаулығы күрт нашарлай бастаған.

«Үйге, Таразға келген соң, өзімді өте нашар сезіне бастадым. Денсаулығым күрт нашарлады. Өзі келіп кешірім сұрап, өкініш білдіріп, көмектесер деп ойладым. Алайда ондай ештеңе болған жоқ. Жаныма ең батқаны да сол. Тек телефон соғып: «ұмытайық, ештеңе болмағандай жүрейік» деді. Сірә, менің төреші ретінде оған тәуелді екенімді пайдаланған түрі. Бірақ бұлай болмайды.

Мен халықаралық дәрежедегі төрешімін, Қазақстанда ғана емес, Азияда да үздіктердің бірімін. Маған ғана емес, ешкімге бұлай жасауға оның хақы жоқ. Оның үстіне, сен – федерация басшысысың. Әлгі зат сәл төмен тигенде, бір көзім көрмей қалушы ма еді… Мұндай адамға спорт саласында орын жоқ. Ертең менің орнымда басқа біреу болуы мүмкін. Сол себепті мен Сырлыбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазуға шешім қабылдадым. Енді бұл іспен құқық қорғау органдары айналыссын», — деді Нұржан Өмірзақ.

Ал Ермек Сырлыбаевтың бұл жайтқа қатысты өз айтары бар. Вице-президенттің сөзінше, сол кеште масаң күйде болғаү төреші қаржылық мәселелермен айналысып отырған бас хатшы екеуіне тиісе бастаған.

«Мен оған бұл мәселелермен басқа адамдар айналысатынын, мен қаржылық мәселелерге жауапты екенімді жеткізуге тырыстым. Ал ол «Онда ана орныңды неменеге отырсың? Бәріңді құрту керек» деп балағаттай бастады. Сөзге келмейді. Боқтық сөздердің түр-түрін айтып, тоқтар емес. Мұндайға қай ер азамат шыдасын?!» — дейді Сырлыбаев.

Ол арызданған төрешіге қарсы арыз дайынжап жатқанын да алға тартты.

«Маған БҚО полициясынан хабарласып, мән-жайды сұрады. Сол күні алған жарақаттарымды мен де тіркеп қойғанмын. Заңгерлерім екі бірдей қарсы арыз дайындап жатыр, бірі — жала жабуға қатысты. Кикілжіңнің қалай болғанын көрген бірнеше адам бар, олар сотта үнсіз қалмайды», — деп отыр ол.

Ал осыдан біраз күн бұрын бұл жайтқа еліміздің спорт қауымдастығы араласты. Олар Мәди Тәкиевтің атына ұжымдық хат жазып, Нұржан Өмірзақты республикалық төрешілер алқасының құрамынан шығаруды сұраған. Құжатқа 19 төреші мен ҚВФ-нің бас кеңсесінің 8 қызметкері қол қойған. Онда «Федерация қызметкерлері мен төрешілердің ар-намысына тиетін сөздер айтқаны үшін» деп көрсетілген.

Коллаж: 1bol.kz.

Tags: волейбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
ПСЖ «Интердің» тас-талқанын шығарып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды

ПСЖ-ның жеңісі жаппай тәртіпсіздікке ұласып, екі адам қаза тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In