Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Вахид Масудов талдықорғандық «Жетісудың» жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлер тізіміне кірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
66 жастағы маман маусым аяқталғаннан кейін командадан кеткен Самат Смақовтың орнын басар негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр. Өткен маусымда «Жетісу» Премьер-лигада 12-орын алып, жоғарғы чемпионаттағы орнын сақтап қалды.
2025 жылғы маусымда Вахид Масудов «Алтайды» жаттықтырды. Маманың жетекшілігімен клуб бірінші лигада үшінші орын алып, Премьер-лигаға жолдама жеңіп алды.














