Жезқазғандық «Ұлытаудың» бұрынғы бас бапкері Иван Азовский Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына енді, деп хабарлайды ASnews.kz.
61 жастағы Атырау тумасы бұған дейін ҚФФ-да ұлттық құрамалар департаментінің директоры болып жұмыс жасаған. Азовский жаттықтырушы ретінде «Астана» (Жеңіс), «Атырау», «Шахтер», «Жетісу» клубтарын және Қазақстан әйелдер құрамасын баптаған.
Ол «Ұлытауда» бірге жұмыс істеген бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфиновтен шақырту алды.