Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай қысқы маусымаралық кезеңде әлі де өзіне жаңа клуб таба алмай жүр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өткен жылдың соңында 32 жастағы шабуылшы жезқазғандық «Ұлытаумен» келіссөз жүргізген, алайда клуб басшысы Талғат Байсуфинов оның трансферіне қарсы болған.
Бұған дейін Жаңғылышбайдан кәсіби мансабын бастаған Қарағандының «Шахтер» клубы да бас тартқан еді. Сонымен қатар, ол алдағы маусымда КПЛ-ға шығуды мақсат еткен «Таразбен» де келіссөздер жүргізді.
Өз мансабында Тоқтар «Астана», «Қайрат», «Қайсар», «Ақтөбе», «Тобыл», «Жетісу», «Ордабасы», «Мақтаарал» және басқа да клубтардың намысын қорғады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жеті матч өткізген.
Фото: Тоқтар Жаңғылышбай














