34 жастағы Николай Веретенников (12-4) 10 тамыз күні UFC Apex-те өтетін UFC Vegas 95 турнирі аясында жеңілмеген америкалық Дэнни Барлоумен (8-0 в ММА, 1-0 в UFC) кездеседі.
Бұл туралы Барлоу өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады bol.kz.
Айқас жартылай орта салмақта өтеді, онда Қазақстаннан Шавкат Рахмонов өнер көрсететінін айта кетейік.
Веретенников Сарыағашта туып өскен (Түркістан облысы), АҚШ-қа 2016 жылы аттанды. Қазақстанда шағын промоушендерде бақ сынап, M-1 Global реалити-шоуларына қатысып жүрді.
2021 жылғы қыркүйекте Веретенников Дана Уайттың Үміткерлер сериясында төбелескенімен, орта салмақтағы эквадорлық Майкл Моралеске (16-0 в ММА, 4-0 в UFC) есе жіберді.
АҚШ-та Веретенников Fury FC және UFL-де атақтарға қол жеткізген.
Фото: Metaratings.kz.