Ұжым тізгінін 48 жастағы еуропалық маман ұстады, дейді penalty.kz.
48 жастағы украиналық маман Андрей Демченко ресми түрде астаналық команданың жаттықтырушысы қызметіне кірісті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасады:
«48 жастағы украиналық маман командамен жұмысын бастап кетті. Біз Андрей Демченконың тәжірибесі мен көзқарасы командаға көптен күткен жеңістерге жетуге және жаңа биіктерді бағындыруға көмектеседі деп сенеміз!», – делінген хабарламада.
Демченко кім?
Андрей Демченко — бұрынғы кәсіби футболшы және білікті жаттықтырушы. Ол Украина мен шетелде бірнеше клубпен жұмыс істеген. Демченконың тактикалық ойыны мен команданы бірлікке жұмылдыра білу қабілеті жоғары бағаланады.
Фото: Vesti.kz.