Қарағандылық «Шахтердің» қожайыны Тимур Турлов ASnews.kz сайтына клубтың жаңа маусымдағы мақсаттары мен ұзақмерзімді жоспарлары туралы айтып берді.
Оның айтуынша, қазіргі басты міндет – команданың жұмысын толықтай қайта құру және тұрақты нәтижеге қол жеткізу:
«Біз аты аңызға айналған клубты қайта жаңғыртып, оның жұмысын қайта іске қосып жатырмыз. Енді жаңа жеңістерге, соның ішінде еурокубоктардағы табыстарға жетуге тырысамыз. Қазір клуб төңірегінде жасақталып жатқан команда барлық қазақстандықтар мақтан тұтатын нәтижеге қол жеткізетініне сенемін. Биыл бізді қыруар жұмыс күтіп тұр, бірақ мен басымдықтарымызды тағы бір рет атап өткім келеді: біз тез әрі көзбояушылық табысқа ұмтылмаймыз. Қазір жұмысты ұзақмерзімді перспективаға негіздеп жатырмыз», – деді Турлов.
Еске салайық, қазіргі уақытта қарағандылық команда Түркияда оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) өткізіп жатыр. «Кеншілер» сол жақта бірінші лиганың жаңа маусымының басталуына қызу дайындық үстінде.
Фотода: Тимур Турлов (оң жағында)














