Виктор Кумыков «Тұранды» тізгіндеуі ықтимал, деп жазады Аладоп.kz.
Бізге жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, ресейлік маман түркістандық клуб бас бапкерлігіне негізгі үміткердің бірі болып отыр.
Виктор Балютұлының соңғы жұмыс орны қызылордалық «Қайсар» болды. 62 жастағы маман «дала қасқырларын» 2022/23-жылғы маусымнан бері жаттықтырып келді.
Қазақстанда «Қайсардан» басқа тағы «Атырау», «Ордабасы» мен «Шахтер» Қарағанды клубтарын жаттықтырған.
«Кеншілермен» бірге 2010-2011-жылы қатарынан екі рет ҚПЛ-де топ жарды.
Қазақстандық клубтардың тарихында тұңғыш рет Еурокубоктердің топтық кезеңіне шыққан маман деп есептеледі.
«Шахтермен» 2011/12-жылғы маусымда алдымен ЧЛ-ның плей-офф кезеңіне дейін жетіп, онда тартысты теке-тіресте «Селтиктен» ұтылып, Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнау мүмкіндігіне ие болды.
В. Кумыковқа дейін Қазақстанда мұндай жетістікке ешбір бапкер жете алған жоқ.
Былтыр ресейлік жаттықтырушының бапкерлігімен «Қайсар» тек қазақстандық ойыншылармен өнер көрсетіп, премьер-лиганы 11-орынмен аяқтады.














