Биылғы чемпионат елдің рухани астанасы – Түркістанда ұйымдастырылады. Бұл жарыс тоғыз жылдан кейін қайта өткізілгелі отыр.
Әлемдік деңгейдегі турнирдің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайды.
Чемпионатты ұйымдастыруға:
- Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі,
- Дүниежүзілік көкпар қауымдастығы,
- Қазақстанның “Көкпар” федерациясы бастамашы болды.
Көкпарға қызығушылық артып келеді
Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының президенті Данияр Қобыландин бұл жарыстың халықаралық деңгейде маңызы зор екенін атап өтті.
«Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы әлем чемпионатының жоғары деңгейде өтуіне мүдделі. Себебі қазіргі уақытта көкпар спортына қызығушылық танытқан елдер саны артып келеді. Соңғы жылдары көкпардың ережесі қайта қаралып, барынша қауіпсіз әрі тартымды бола түсті. Соны негізге алған кейбір мемлекеттер бізбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр», – деді ол.
Фото: GOV.KZ.














