• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 6 апреля, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Төрешінің қателігі. Федерация «Ордабасы» мен «Атырау» матчын талдады

ҚФФ мәліметінше, кездесудегі бірнеше маңызды шешім қате болған және бұл ойынның қорытынды нәтижесіне тікелей әсер еткен

06/04/2026
in Ей, бұларың не?, Футбол
0 0
0
Бибісара Асаубаева Кипрде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаменті директоры Нуну Каштру 2026 жылғы Премьер-лиганың 4-туры аясындағы «Ордабасы» – «Атырау» матчында болған даулы эпизодтарға ресми түсіндірме берді, деп жазады 1bol.kz.

ҚФФ мәліметінше, кездесудегі бірнеше маңызды шешім қате болған және бұл ойынның қорытынды нәтижесіне тікелей әсер еткен.

82-минуттағы эпизодта қонақтардың №14 және №55 ойыншылары қақпаға өте жақын жерден баспен соққы жасаған. Осы сәтте «Атыраудың» №78 ойыншысы офсайд жағдайында тұрғанымен, ол «Ордабасының» №20 қорғаушысына ешқандай кедергі келтірмеген. Сондай-ақ қорғаушының допқа ойнауға нақты мүмкіндігі болмаған. Осыған байланысты ҚФФ бастапқыда голды есептеген төрешілер шешімі дұрыс болғанын, ал VAR-дың араласуы мен голдың кейіннен офсайдқа байланысты күшін жоюы қате болғанын мәлімдеді.

90+7-минутта алаң иелерінің №15 шабуылшысы мен қонақтардың №17 қорғаушысы айып алаңында допқа таласты. Департаменттің бағалауынша, қорғаушы допқа үлгермейтінін түсініп, жанасудан қашуға тырысқан, ал шабуылшы қозғалысын жалғастырып, әуедегі жеңіл байланысты өзі іздеген. Сондықтан бұл сәтте ереже бұзушылық болмаған. ҚФФ бұл эпизодта да VAR араласуы тиіс еді деп есептейді.

Ал төрешінің пенальти белгілеу туралы шешімі қате деп танылды.

Сондай-ақ 90+13-минуттағы эпизодқа да баға берілді. Допқа талас кезінде «Ордабасының» №17 ойыншысы қолын шетке ұстап, қарсыласының бетіне тигізген. Бас төреші ойынды бірден тоқтатып, айып добын белгілеп, алаң иесіне қызыл қағаз көрсеткен. Алайда ҚФФ бұл жағдайда қол «құрал» ретінде пайдаланылғанымен, артық күш қолданылмағанын атап өтті. Сондықтан дұрыс тәртіптік жаза қызыл емес, сары қағаз болуы керек еді.

Еске салайық, Қостанайлық төреші Санжар Ысқақов қызмет еткен матч үлкен даумен аяқталды. «Атырау» 1:0 есебімен алда келе жатқан сәтте қонақтардың голы есепке алынбай қалды. Осыдан кейін ойын барысы өзгеріп, көп ұзамай «Ордабасы» пайдасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген Эльхан Астанов пенальтиді сәтті орындады.

Матч аяқталғаннан кейін жағдай одан әрі ушығып, «Атыраудың» бас менеджері Максат Тюмалиевтің қан қысымы күрт көтеріліп, стадионға жедел жәрдем шақырылған.

Осылайша, ҚФФ-ның ресми талдауы «Ордабасы» – «Атырау» матчындағы бірқатар негізгі төрешілік шешімдердің қате болғанын ресми түрде растады.

Фото: «Атырау» ФК баспасөз қызметі.

Tags: «Атырау» ФКҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан футбол федерациясыҚПЛОрдабасы ФКтөрешілер
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Бибісара Асаубаева Кипрде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді

Махмұд Сабырхан жеңіліп қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қытайлық боксшы қазақстандықты финалға жібермеді

Қытайлық боксшы қазақстандықты финалға жібермеді

06/04/2026
Чесноков өте нашар ойнады

Чесноков өте нашар ойнады

06/04/2026
Бибісара Асаубаева Кипрде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

06/04/2026
Бибісара Асаубаева Кипрде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді

Махмұд Сабырхан жеңіліп қалды

06/04/2026

Ең көп оқылған

Қытайлық боксшы қазақстандықты финалға жібермеді

Қытайлық боксшы қазақстандықты финалға жібермеді

06/04/2026
Чесноков өте нашар ойнады

Чесноков өте нашар ойнады

06/04/2026
Бибісара Асаубаева Кипрде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

06/04/2026
Бибісара Асаубаева Кипрде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді

Махмұд Сабырхан жеңіліп қалды

06/04/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Қытайлық боксшы қазақстандықты финалға жібермеді

Қытайлық боксшы қазақстандықты финалға жібермеді

06/04/2026
Чесноков өте нашар ойнады

Чесноков өте нашар ойнады

06/04/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In