Финалдық кездесулер Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады және YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстанның ерлер құрамасынан финалға Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Диас Молжігітов (80 кг) шыққан болатын. Төрехан өзбек боксшысы Мухаммадазизбек Исмоиловпен жұдырықтасады. Диас болса Қытай қазағы Тоқтарбе Таңатқанмен өзара мықтыны анықтайды.
Қыздар құрамасының жарыс бағдарламасы:
60 кг:
Виктория Графеева – Ян Ченью (Қытай)
70 кг:
Наталья Богданова – Чжао Чуньюань (Қытай)
75 кг:
Надежда Рябец – Азиза Зокирова (Өзбекстан)
80 кг:
Гүлсая Ержан – Ван Сяомен (Қытай)
+80 кг:
Елдана Тәліпова – Киран (Үндістан)
Фото: Қазақстан бокс федерациясы.