Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобындағы плей-офф матчында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы анықталды.
Чхунчхон қаласында 12-13 қыркүйекте Оңтүстік Корея мен Қазақстан құрамасы шеберлік байқасады.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына ойыншыларға сенім артты: Александр Бублик, Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Бейбіт Жұқаев.
Бәсекелер Songam Sport Town стадионында хард төсенішіндегі корттарда өтеді.
Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойын үш сеттік сипатта болады.
Фото: ҚТФ.