• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Тағыбергеннің күтпеген жаңалығы жүкті әйеліне соққы болды

Махаббат Тағыбергеннің сөзінше, күйеуінің құрамамен қош айтысу туралы шешімі күтпеген жаңалық болған

11/06/2025
in Ей, бұларың не?, Ұзынқұлақ, Футбол
0 0
0
Atletico de Madrid Қазақстанда талантты футболшыларды іріктеуді бастады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Кеше ғана ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтаған Асхат Тағыбергенге әйелі Махаббат Тағыберген қолдау білдірді, дейді 1bol.kz. 

Махаббат желіде жазба жариялап, жарының жеңістен кейін емес, жеңілістен кейін кеткенін батылдыққа балаған.

«Жеңістен кейін емес, жеңілістен соң кету туралы шешім қабылдау — бұл шынайылық, нағыз ерлік.
Күйеуім, Қазақстан құрамасының капитаны, жүрегімен сезіп, ойланып, осы шешімді өзі қабылдады. Ол рекорд қуған жоқ, «әдемі қоштасу» іздеген жоқ. Жүрек «болды!» дегенде, ол тыңдай білді», — деді футболшының жұбайы.

Махаббат Тағыбергеннің сөзінше, күйеуінің құрамамен қош айтысу туралы шешімі күтпеген жаңалық болған.

«Бүгінгі жаңалық тіпті мен үшін соққы болды. Бірақ онымен сөйлескен соң, мен оны түсіне бастадым. Жасырмаймын, кішкентай қыз секілді жыладым», – дейді футболшының әйелі.

Ол аяқдоп шеберінің соңына дейін күресіп баққанын, әр ойын сайын барын салғанын тілге тиек етті.

«Құрама біз үшін жай ғана команда емес, бұл – жанын беруге дайын нағыз кәсіби ойыншылар. Асхат соңғы сәтке дейін барын салды: жүрегімен, денесімен, жан-тәнімен. Бірақ кез келген мықты адамның да бір күні күші таусылады. Ол бұл шешімді сұлулық үшін емес, шындық үшін қабылдады. Себебі уақыты келді», — дейді ол.

Футболшының жұбайының сөзінше, қоштасу матчында оларды стадиондағы әдеттегі орындарына да отырғызбай, құрметсіздік танытты.

«Кешегі матчта көп нәрсе айтылмай-ақ түсінікті болды. Бізді – футболшының отбасын әдеттегі орындарымызда отырғызбады. «Болмайды! Рұқсат жоқ!» деген шешім қабылданыпты. Ойыннан соң Асхат бізді таба алмады. Біз оған жете алмадық. Мен тек оның қоңырауын күтіп отырдым – ішке кіріп, құшақтап, «сен – біздің капитансың» дегім келді. Бірақ бұған мүмкіндік болмады. Ұсақ-түйек пе? Мүмкін. Бірақ капитан үшін – оның жанында отбасысы жоқ болса, бұл – құрметсіздік!» — деп ренішін білдірді Махаббат.

Махаббат Тағыберген күйеуінің абыройлы шешім қабылдағанына дәр риза екенін де білдірді.

«Бүгін Асхат қоштасып жатыр. Иә, бұл жеңісті сәт емес. Бірақ бұл – абыройлы шешім. Шындықпен, намыспен қабылданған. Ол ешқашан марапат не атақ үшін ойнаған жоқ. Ол отбасы, команда, ел үшін ойнады және солай кетіп бара жатыр – жүрегі «жетеді» деген кезде», — деп қорытындылады сөзін.

Фото: instagram.com/tagybergen_mahabbat.

Tags: Асхат ТағыбергенҚазақстан ұлттық құрамасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Atletico de Madrid Қазақстанда талантты футболшыларды іріктеуді бастады

Солтүстік Македониядан неге жеңілдік? Болат Есмағамбетовтың пікірі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In