Дебют күні мен қарсыласы белгілі
Азамат Бақытов UFC BJJ 8 турнирінде өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы — австралиялық Томас Дэвид.
- Жекпе-жек күні: 21 мамыр
- Турнир: UFC BJJ 8
- Салмақ дәрежесі: орта салмақ
- Қарсылас: Томас Дэвид (Австралия)
Айта кетейік, бұл кездесу екі спортшы үшін де UFC BJJ-дегі дебют болмақ.
Тарихи жетістік
Азамат Бақытов UFC BJJ лигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық спортшы. Сонымен қатар, Еуразиядан шыққан тұңғыш өкіл.
Жалпы, UFC BJJ — 2025 жылдың маусым айында іске қосылған UFC-дің жаңа бағыты. Бұл лига бразилиялық джиу-джитсу бойынша жарыстар өткізеді. Грэпплинг бағытындағы элиталы спортшыларды біріктіреді.
Бақытовтың жетістіктері
Азамат Бақытов — әмбебап жекпе-жек шебері:
- ММА рекорды: 9 жеңіс, 0 жеңіліс
- Nomad Wrestling турнирінің екі дүркін чемпионы.
Фото: sportilinet.kz.














