Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің бесінші жарыс күні, 27 ақпанда ел құрамасынан 10 боксшы шаршы алаңға шығады.
23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Күндізгі сессия
А рингі
50 келі. Ерлер. Даниял Сәбит — Улаш Ялчинкая (Түркия)
70 келі. Ерлер. Фарух Тохтасынов — Рэнди Ботикали (Германия)
Б рингі
55 келі. Ерлер. Бағлан Кенжебек — Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия)
65 келі. Ерлер. Ертуган Зейнуллинов — Малик Гасанов (Әзербайжан)
70 келі. Ерлер. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Лавант Браунли (АҚШ)
Кешкі сессия (21:00)
А рингі
85 келі. Ерлер. Сұлтанбек Айбарұлы — Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
90 келі. Ерлер. Дәулет Төлемісов — Джозеф Авинонгья (АҚШ)
90 келіден жоғары. Ерлер. Нұрлан Сапарбай — Озодбек Алиев (Өзбекстан)
Б рингі
85 келі. Ерлер. Бекзат Таңатар — Матвей Ражба (Украина)
90 келі. Ерлер. Нұрмагамед Юсупов — Самир Собиров (Өзбекстан).
Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.
Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті.














