• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Спортқа бөлінген 17 млрд теңге заңсыз және тиімсіз жұмсалған

Бюджеттен 4 млрд теңге жұмсалғанымен, 11 спорт түрі бойынша бірде-бір медаль жоқ

01/07/2025
in Ей, бұларың не?
0 0
0
Абиба Әбужақыноваға су жаңа көлік мінгізді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Оның қорытындылары Жоғарғы аудиторлық палатасының отырысында қаралды, деп жазады 1bol.kz.

Мемлекеттен спортты дамытуға бағытталған шығындар жыл сайын артып келеді. 2021 жылдан бері 153 млрд теңгеден 315 млрд теңгеге дейін екі есе өскен.

Мемлекеттік аудит жоғары жетістіктер спорты мен спорттық резервті даярлау саласындағы бірқатар проблема мен кемшілікті анықтады.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған 3 тұжырымдама, 4 мемлекеттік бағдарлама және 1 кешенді жоспар қабылданды. Алайда ауқымды нормативтік базаға қарамастан, жоғары жетістіктер спортын дамытуда әлі де жүйелі тәсіл жоқ. Мысалы, 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жоғары жетістіктер спортын дамытуға бағытталған іс-шаралар мүлде қарастырылмаған. 2025 жылға дейінгі тұжырымдамадағы көптеген міндет толық орындалмай, 2029 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамаға енгізілген.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету де кемшіліктер бар. Министрлік спорт саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбеген, ал кезеңдік жоспарларда спортшыларды даярлау мен медициналық-ғылыми сүйемелдеудің заманауи тәсілдері ескерілмейді. Спорттың басым түрлерінің тізімін қалыптастыруда да бұзушылықтар анықталды. Бұл шешімдер кешенді талдау жүргізілмей қабылданған және көбіне спорт федерацияларының мүддесіне тәуелді болып келді. Нәтижесінде спорт түрінің әлеуеті, жетістіктері мен материалдық-техникалық базасы ескерілмей қаражат бөлінген. Мәселен, кейбір олимпиадалық емес спорт түрлеріне осыған ұқсас олимпиадалық спорт түрлеріне қарағанда көбірек қаражат бөлінген.

Аудит 6 жазғы олимпиадалық спорт түрі бойынша кешенді мақсатты бағдарламалар бекітілмегенін анықтады. Сонымен қатар 46 жазғы олимпиадалық спорт түрінің 19-ы бойынша спорт ұйымдарында спортшыларды даярлау бағдарламалары жоқ. Олардың ішінде 5 спорт түрі бойынша дайындықтың әлсіздігі мен бәсекелестіктің төмен болуына байланысты спортшылар олимпиадалық іріктеу турнирлеріне мүлде қатыспай, Олимпиадаға лицензия бермейтін өзге халықаралық жарыстарға ғана қатысқан. Соған қарамастан 2022-2024 жылдар аралығында осы спорт түрлеріне спортшыларды даярлауға бюджеттен шамамен 2 млрд теңге жұмсалған, — делінген Жоғарғы аудиторлық палатасы хабарламада.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша білікті жаттықтырушылар тапшылығы бар. Ал олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша штаттар артығымен жасақталған, өйткені бұл бағыттарда медаль алу мүмкіндігі жоғары және оған сәйкес бонустар да қарастырылған.

Медаль санының артуына қарамастан, спортқа жұмсалатын қаражаттың тиімділігі төмендеуде. 2022-2024 жылдар аралығында шамамен 4 млрд теңге жұмсалғанымен, 11 спорт түрі бойынша бірде-бір медаль жоқ. Спорттық резервті даярлау жүйесі әлі де тиімді емес. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау процесі ашық емес, спортшылар мен жаттықтырушылардың бірыңғай цифрлық есебі жүргізілмейді, медициналық сүйемелдеу ескірген әрі барлық спортшыны толық қамтымайды.

2021-2024 жылдары «Спортты дамыту дирекциясы» әкімшілік персоналына сыйақы төлеуге 3,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кейбір жағдайларда төлем сомалары жалақы қорынан асып кеткен, ал бір қызметкерге жылдық орташа сыйақы 7,7 млн теңгені құраған. Сонымен қатар спортшыларды даярлауға қатысы жоқ қызметкерлерге де оқу-жаттығу процесінің сапасына байланысты қосымша ақы төленген, — делінген хабарламада.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы 17 млрд теңгеге жуық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

348 млн теңге қаржылық бұзушылықтар,

2,8 млрд теңге тиімсіз жоспарланған,

13,7 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

56 жүйелі кемшілік пен 270 рәсімдік бұзушылық тіркелді.

157 аудит материалы әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жауапты органдарға жолданды.

Фото: Жоғарғы аудиторлық палата.

Tags: жемқорлықСпорт министрлігіСпортты дамыту дирекциясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Абиба Әбужақыноваға су жаңа көлік мінгізді

Ұлттық құраманың тағы екі боксшысы ширек финалға өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ордабасының» молдовалық бапкері қызметінен кете ме?

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Тимур Турлов Қарағандыда футбол федерациясының президенті болды

18/08/2025

Ең көп оқылған

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ордабасының» молдовалық бапкері қызметінен кете ме?

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Тимур Турлов Қарағандыда футбол федерациясының президенті болды

18/08/2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In