• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Спорт және көш

Бейбітшілік заманда спорт бәсеке мен намыстың, береке-бірлік пен ынтымақтың, тұрақтылық пен дамудың символына айналды

24 июня, 2024
in Бокс
0 0
0
Спорт және көш

Сурет Омарәлі Әділбекұлының жеке мұрағатынан алынды

Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Өткен ғасырдың басында ұлы М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды тек қана білім теңестіреді», деп айтса, екі ғасырдың ыстық-суығын көріп, куәсі болып өмір сүрген біздің буын үшін дамыған, өркениетті қоғамның тағы бір әлем мойындаған көрсеткіші спорт болып отыр.

Ғылым мен ақпарат индустриясының көкжиегі барынша кеңейген мына жаһандану заманында бір елдің экономикалық қуатын, модернизациялық үдерісін, халқының мәдени, денсаулық, білім өресін халықаралық жарыстарда қол жеткізген спорт көрсеткішіне қарап бағалау стандарты қалыптасты. Әсіресе, жазғы, қысқы олимпиадаларда басқада халықаралық аламанда қатарынан оза шауып, жеңіс тұғырына көтерілген елдің спортшысы мойнына алқа таққанда, сол елдің туы көтеріліп, мемлекет әнұраны шырқалатын болды. Әлемдік жетекші медиялар мен әлеуметтік желілер сол майданда хабар таратып, бүкіл әлем бір-біріне жақындай түседі.

Бейбітшілік заманда спорт бәсеке мен намыстың, береке-бірлік пен ынтымақтың, тұрақтылық пен дамудың символына айналды. Олай дейтініміз, жақында жазғы әлемдік олимпиада өткізетін Францияның бастамасымен БҰҰ-ның бас Ассамблеясында «олимпиадалық бітім» туралы қарар қабылданып, Ресей мен Украина, Израиль мен Палестина елдеріне қаратылған «Спорт және олимп идеясы арқылы бейбіт және жақсы әлем құру» атты заң жобасы ұйым мүшелері жағынан қолдау тапты. Бұл дегеніміз спорттың саясилануы емес, мына күрделі заманда бейбітшілік пен тыныштыққа ынтызар адамзат парасатының тегіне тартқан ұмтылысы еді.

1896 жылы ғасырлар қойнауынан кәрі құрлық Европа қайта оралып, әлемдік сипат алабастаған олимпиаданың саясиланған кезі де болған. 1936 жылы Берлинде өткен жазғы олимпиада фашистік Германияның өз күш-қуатын әйгілеп, әлемге қожа болу ниетін жасырмаған шапқыншылық саясатының прагандасына айналып кетті. 1972 жылы Батыс Германияның Мюнхен қаласында өткен жазғы олимпиада Израиль командасының бірбөлім спортшылары лаңкестер жағынан кепілге алынып, құтқару кезінде қырғынға ұшырады. Кеңес Одағы Ауғанстанға басып кіргеннен кейін Москеуде өтетін 1982 жылғы жазғы олимпиадаға АҚШ бастаған батыс елдері бойкот жәриялады. Оның қарымжысы ретінде 1988 жылы Өңтүстік Кореяның Сеуіл қаласында өтетін олимпиадаға Кеңес Одағы ықпалындағы елдер қатынаспады.

Синхай төңкерісінен кейін қуатты орталыққа бағынған мемлекет құра алмай, милитаристер шылауында кетіп, тығырыққа тірелген Қытай 1932 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен олимпиадаға Шығыс Солтүстік милитаристерінің қаржысымен төрт- ақ адам барып қатынасады. Сол кезде әлемге үстемдік ете бастаған отаршылдар мен жихангерлердің ұрпақтары «Төрт жүз милион халқы бар елдің атынан төрт адам ғана келді» деп сайқымазақ ақпарат таратады. Бұл күнде Қысқы, Жазғы Олимпиада мен Азиаданы жоғары деңгейде өткізіп әлемді мойындатқан Қытайдың қазіргі жағыдайына қарап «ораза-намаз тотықта» деген халық даналығына тәнті боласыз. Қазіргі еліміздегі тұрақтылық пен дамудың қадірін білмей, түсіне революция кіріп, өңінде қоғамдық жарыластардың елесімен сырласып жүретін блогерлер мен белсенділерге Алла тәуфик берсін деп тілейік!

Еліміз Кеңес Одағының іргесі шайқала бастағанда яғыный 1990 жылы Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті құрылып, 1993 жылы Халықаралық олимпиада комитетінің ресми мүшесі атанды. 1996 жылы Құрама штаттың Атландия қаласында өткен олимпиадаға еліміз ұлттық командасы қатынасып «Балқаш барысы» атанған Васили Жиров тәуелсіздік тарихындағы алғашқы Алтынды қанжығамызға байлап, қалған спортшыларымыз 11 медаль олжалап, жарысқа қатынасқан 196 елдің ішінде бірден 22-інші орынға барып табан тіредік.

2000 жылы жаңа мыңжылдықтың бастауымен тұспа-тұс келген Сиденей жазғы олимпиадасында Ермахан Ибырагимев, Бекзат Саттарханов, Болат Жүмәділов, Мұқтархан Ділдабеков бастаған оғыландарымыз әлем қауымдастығының санасына Қазақ боксы деген ұғымды қалыптастырып кетті. 2012 жылғы Лондон жазғы олимпиадасында аспаннан алтын жауды десек асырып айтқандық болмайды. Қоржынға түскен жеті алтын жері мол, байлығы көп, адамы сирек жас Республиканың тәуелсіздік пен тұрақтылықтың арқасында әлі де ұзаққа шауып, биіктерді бағындыруға мүмкіндігі мен потенциалы жететінін көрсетті.

2008 жылы Пекин жазғы олимпиадасында Атажұрттан алыс жерде кіндігі кесілген қазақтың екі қара домалақ баласының қатар тұрып медал алған фотасы жер шарын желпіп өткенде, исі қазақ баласының қуаныштан, бақыттан басы айналып кетті. Әлемнің елуге таяу елінде тарыдай шашырап жүрген қазақтың жүрегі сол сәтте Қазақстан деп соқты. Көшпелілердің жауынгер ұрпақтары қайда туылса да, қайда жүрсе де қазақ болып қалатынын әрі әлемдік сақыналарда өздеріне тиесілі орынды қажырлы еңбегі мен қайсар мінезіне сүйеніп қолға келтіретінін дәлелдеп берді.

Байырғы төрт өркениеттің бірі ретінде бүгінге жеткен милардтар елінде қауысқан құшақ жазылмады, айналып келіп екі баһадүрдың атамекенде жолдары түйісіп «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының атынан алаңға шықты. «Мың сіз-бізден бір быж-тыж артық»  дегендей екі оғыланның ілгерінді-кейінді қол жеткізген атағы мен мәртебесін тастап Атажұртқа қоныс аударуы-қазақ көшінің саны мен сапасына , қазақ спортының мастабының кеңеюіне айтарлықтай ықпал етті. Қанат Ислам алғаш Шыңжаң командасының құрамында таныла бастағанда сол жақтағы қазақ жастарының жаппай спортқа келіуіне түрткі болыпты. 2022 жылы Хань Чжоуда өткен Азияда ойындарында топ жарып, бас жүлде алған Тоқтарбек Таңатхан он неше жасында Қанат ағасынан келіп бата алған екен. Қазір қытайдағы ірі қалалар мен өлке орталықтарында және орта қалалардың команда құрамында мыңға таяу қазақ жастары тренер, спортшы болып жүр екен. Жақсыдан шарапат деген осы шығар. Бақыт Сәрсекбаевтың жолын қуған ізбасарлары Қазақстан мен Өзбекстанда жыртылып айырылады.

Спорт салауатты өмір салтын сақтап, ұлт денсаулығын жаңа өреге көтеру үшін шешуші рөл атқарады. Тәні сау, жаны таза жастар еліміздің ертеңі. Осы тұрғыдан келгенде, өзге елде дүниеге келіп, өз еңбегімен сұлтан болған Бақыт Сәрсекбаев, Қанат Исламның өнегелі өмірі мен даңқты кешірмелері әлі талай ұрпақтың жүрегін, тербеп, жігерін жаниды. Үлгі тұтар ұстазды алыстан іздемей, айналымыздан байқап, батыр-бағыландарымыздың қадіріне жетейік!

Әне-міне дегенше Париж олимпиадасының қоңыраулы сағаты соғылады. Бір замандарда Ресей армиясының құрамында барып Сена өзенінен тұлпарарын суғарған батыр бабаларымыздың аруағы үкілеп қосқан жүйріктерімізді қолдап-қуаттасын!  Адамзат өркениетіне Франсуа Мари Волтер, Дени Дидро, Жан-Жак Руссо , Виктор Гюго, Онере де  Бальзак, Ги де  Мопассан, Александр  Дюма  сияқты ұлыларды дүниеге әкелген қасиетті топырақ спортшылармызға тың күш силасын! Қазақ спорты, қазақ көші өркениеттер тоғысында кемелдене берсін!

Омарәлі Әділбекұлы

Abai.kz

Сурет Омарәлі Әділбекұлының жеке мұрағатынан алынды.

Tags: БоксойсаларОлимпиада
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Зайнутдинов Анхель Ди Мариямен бір командада ойнауы мүмкін

Зайнутдинов Анхель Ди Мариямен бір командада ойнауы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In