«Спартаның» «Ақтөбені» жеңуге мүмкіндігі өте жоғары. Менің ойымша, Чехияда сіздердің клубтарыңызды аса құрметтемейді, тіпті ол туралы естімегендер де бар. «Спарта» «Ақтөбені» тіпті Ауғанстанға барып ойнаса да жеңер еді, нақтырағы, Қазақстанда (күледі). Мұндағы футбол деңгейі бір бас жоғары.
Ол жақта ауа райы ыстық қой деймін. Бізде бұл матчты теледидардан көрсетеді, сондықтан «Ақтөбе» стадионына да баға береміз. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауы жақсы екенін естідім, бірақ біздің жақта ол командаға әлдеқайда қиын болады», — деді танымал бапкер.
«Ақтөбе» мен «Спарта» арасындағы матч 24 шілде күні Қобыланды батыр атындағы стадионда өтсе, қарымта матч 31 шілде күні Прагада өтеді.
Властимил Петржела – Чехияның ең атақты бапкерлерінің бірі, бас бапкер ретінде 511 матч өткізген және 2000-жылдары Санкт-Петербургтің «Зенит» клубын басқарған.
Фото: Ақтөбе ФК.