Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында қысқа бағдарламаны сәтті орындады, деп жазады penalty.kz.
Келесі кезең еркін бағдарлама 27 наурыз күні Астана уақытымен 22:00-де басталады. Дәл осы кезеңде жеңімпаздар анықталады.
Айта кетсек, Самоделкина үшін бұл маусым сәтті өтіп жатыр. Бұған дейін ол қысқы Олимпиада ойындарында жеке рекордын жаңартып, 10-шы орын иеленген.
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет.














