Италиялық «Рома» өз алаңында Испанияның «Атлетик» командасын 1/8 финалдың алғашқы матчында жеңді, деп жазады penalty.kz.
Римдегі кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
50-минутта Иньяки Уильямс «Атлетикті» алға шығарды. Араға алты минут салып Анхелиньо есепті теңестірді. Ал 94-минутта өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов жеңіс голын соғып кетті.
Енді «Рома» мен «Атлетик» 13 наурызда Бильбаода жауапты матч өткізеді.
Эльдор Шомуродовтың биылғы маусымдағы көрсеткіштері:
25 матчта 5 гол, 3 нәтижелі пас.
Фото: Instagram/shomurodov.eldor.