• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Воскресенье, 24 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Шетелдік жігіті аяусыз сабаған қазақстандық волейболшы Кипрге қайта барды

Ол біраз уақыт бұрын Қазақстанға қашып келген еді

04/08/2025
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?
0 0
0
Нариман Құрбанов кезекті Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Волейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Кристина Карапетян (Устинова) 3 тамызда 33 жасқа толды. Ол туған күнін Кипрде қарсы алған, деп жазады 1bol.kz.

Бір жыл бұрын болғым келген жерде туған күнімді қарсы алу – үлкен бақыт. Арманым ең керемет түрде орындалды. Ата-анама барлық идеяларым мен мақсаттарымды қолдағаны үшін алғысым шексіз.Жанымдағы жігітімнің махаббаты – мені қанаттандырады. Қасымдағы достарыма әрқашан жанымда болғандары үшін алғыс айтамын.Ал сіздерге, менің оқырмандарым мен көрермендеріме  –  сенімдеріңіз бен блогымның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін рахмет. Сіздерді жақсы көремін, — деп жазды спортшы.

Ол Кипрдің Лимассол қаласында жүргенін көрсеткен.

Айта кетейік, Кристина Карапетян Кипрде шетелдік жігіті соққыға жыққанын мәлімдеген болатын. Сосын ол Қазақстанға қашып келген еді.

«Екеуара кикілжің 17 наурыз күні – Лимасол қаласындағы карнавалды тойлау кезінде туындады. Грек тілінде балағат сөз айтып қалдым, бірақ бұл сөздің оған қатысы жоқ еді, неге екенін білмеймін, «сен менің анамды боқтадың» деп шықты. Біріншіден, сенің анаңды қалай құрметтейтінімді және жақсы көретінімді білесің. Екіншіден, рульге отырғанда не ашуланғанда өзің де осы сөзді айтасың ғой, мен саған ештеңе деген емеспін» дедім. Сонан соң маған «фак оф» деді, мен бұрылдым да кетіп бара жатқанмын, ал оның заттарын жол маңына қоя салдым. Ол артымнан қуып жетті де, қылқындырып, желкеммен қабырғаға ұра бастады. Қашып кетпек болдым. Бір қыз жүгіріп келіп полиция шақыратынын айтты. Ол сол кезде барып босатты. Екеуміз екі жаққа кетіп қалдық. Соның отбасымен бірге тұратын үйге қарай жүгірдім, келсем ол менің заттарым салынған қапшықты қоқысқа тастауға бара жатыр екен. Екінші қабатқа көтеріліп, қалған заттарымды жинап алайын дедім. Мысығымды да алып кеткім келді. Ол да менің соңымнан көтеріліп, макбугімді сындыра бастады, екеуміз ұрыстық. Сол сәтте ол мені бір ұрды, есімді жисам еденде жатыр екенмін, көзім ашылмай қалды. Оның анасы бәрін көріп тұрды, мұз алып келді. Кетпек болғанда ол көзімнің көгергені басылғанша қалуымды өтінді. Келіспедім. Кипрдегі жалғыз құрбыма хабарласып, ұшқанша сонда бола тұрдым», — деді бойжеткен.

Осы жайттан соң Кристина Карапетян Қазақстанға оралған. Ал, ауыр соққы алған көзіне операция жасатыпты.

Кристина Карапетян Ресейде дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Ұлттық құрамада ойнады. «Ертіс», «Жетісу» командаларында өнер көрсетті. 2020 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған. Ол ең алғаш 2014 жылы Ресейде жаттықтырушы Дмитирий Карапетянға тұрмысқа шыққан. Кейін Қазақстанға келгенде волейболшы Михаил Устиновтың жары болды.

Фото: ©instagram.com/krisik___karapetyan.

Tags: волейбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Нариман Құрбанов кезекті Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді

Еурокубоктарда командаларымыздан не күтеміз?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

«Қайрат» қақпашысы үшін маусым аяқталды

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

Конор Макгрегор төрт жылдық үзілістен кейін жекпе-жекке шығады

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

«Барыс» жаңа маусымға арналған формасын таныстырды

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

22/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

«Қайрат» қақпашысы үшін маусым аяқталды

22/08/2025
Назым Қызайбай бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға кетті

Конор Макгрегор төрт жылдық үзілістен кейін жекпе-жекке шығады

22/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In