Донецкінің әйгілі «Шахтер» футбол клубы Донецк қаласымен заңды байланысын үзді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб өзінің тіркелген заңды мекенжайын Киевке ауыстырды.
Sport Baza телеграм арнасының мәліметінше деректеріне сәйкес, «Кеншілер” ФИФА жүйесіндегі тіркеу мекенжайын өзгерткен. Енді тиісті бағанда Киев қаласы, Богдан Хмельницкий көшесіндегі «Опера” қонақүйі көрсетілген. Бұл қонақүй бұрын әр жылдары Испания құрамасы мен Мадридтің «Реал» клубын қабылдаған.
Осы өзгерістерге қарамастан, клубтың халықаралық атауында «Шахтер Донецк» деген атау сақталып қалады. Бұл клубтың тарихи мұрасына деген құрмет.
Бұған дейін Украина БАҚ өкілдері «Шахтердің» Киевте жаңа стадион салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.
Бұл қадам «Шахтер” үшін 2014 жылдан бергі жаңа кезеңді білдіреді, өйткені олар осы уақыт аралығында Донецкідегі «Донбасс Аренадан» тыс жерде ойнап келеді.














