• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Жекпе-жек

Шәміл Серіков – күрес әлемінің гауһары

Оның есімін ұмыт қалдыру өте ұят – Айдар Махметов

10 сентября, 2024
in Жекпе-жек, Тұлға мен тарих, Ұлттық спорт
0 0
0
Шәміл Серіков – күрес әлемінің гауһары
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Даңқты балуан КСРО билігінің ырқына көнбегені үшін өмірінің соңына дейін қыспақта болды.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған балуан дегенде, көпшілік Жақсылық Үшкемпіровтің есімін ғана атайды. Бірақ Жақсылық аға чемпион атанған Олимпиадада тағы бір қазақ атой салған. Ол – Шәміл Серіков. Тіпті сол аламанда ол техникасы ең мықты балуан атағын да алған. КСРО кезінде ол қудалауға ұшырады, сол үшін тізімнен сызылып қалды. Алайда, кезінде қарсыластары атынан үркіген даңқты балуанның есімі неге қазір де ұмыт қала береді? Бұл туралы ардагер спортшы, комментатор Айдар Махметов те әлеуметтік желіде ой қозғаған болатын. Осы орайда Айдардан Шәміл ағаның әлі күнге дейін шеттетіліп жүруінің себебін сұрадық, деп жазады 1bol.kz.

– Айдар, осыдан бірер күн бұрын Шәміл Серіков туралы жазба жарияладыңыз. Бұған не түрткі болды?

– Шәміл Серіков туралы бала күнімнен білемін, шамамен 30 жыл бұрын оқыған шығармын. КСРО кезеңінде шыққан кітап еді, содан бері ол кісінің өмірі маған қызық болды, өзіме ерекше әсер етті.

Елдос Сметов чемпион атанғанда Instagram-дағы Stories-те Шәміл ағамыз туралы жаздым. Естеріңізде болса, Елдос Париждегі жеңісінен соң Жақсылық Үшкемпіровтің есімін ғана атады. Жақында Динара Сәтжанның шоуында қонақта болып, тағы сол сөзін қайталады. «44 жылдан бері ешқандай қазақ балуаны Олимпиаданы ұтқан жоқ» деді. Бұл сөз маған ауыр тиді. Өйткені жалған ғой. Жақсылық ағамыздан соң чемпион атанған Шәміл ағаны қайда қалдырамыз?

Кейбіреулер Шәміл ағамыздың ұлты татар деп жатады екен, бірақ бұл да өтірік, ол кісі таза қазақ. Жақсылық аға мен Шәміл аға чемпион атанғанда, Олимпиада ойындарында топ жарған қос қазақ атанған. Екеуін бәрі қатар қоятын, бір-бірінсіз ешкім елестете алмайтын. Ол кісінің өнеріне тәнті болғаным соншалық, ұлыма да Шәміл деп ат қоямын дедім.

Шыны керек, Шәміл Серіковті көп адамның білмейтінін естігенде таңғалдым, себебі ерте кезден өмірбаянын жаттап өскендіктен бе, ол туралы бәрі біледі деп ойлайтынмын. Күреске, дзюдоға қатыстым, ол ортада Шәміл Серіков туралы білетін. Сөйтсем, Серіковтің тарихта болғанын білетіндер санаулы ғана ортамен шектеледі екен. Аң-таң болдым. Ол қатардағы балуан емес, күресі ерекше балуан, Олимпиадада қалай күресті?! Әлем таңғалды, мойындады, техникасы ең мықты балуан ретінде танылды. Әлемнің екі дүркін чемпионы, күрес әлемінің гауһары ғой!

Кезінде Жақсылық ағамыздың көзі тірісінде Шәміл Серіков қандай балуан еді, қалай күресті деп бірнеше рет сұрадым. Сонда Жақсылық ағамыздың өзі ол кісінің шеберлігін ерекше тамсанып айтатын, «техникасы керемет еді, Шәмілдің жанында біз ауылбаймыз» деп күлетін. Міне, осындай спортшының ұмыт қалғаны жаныма қатты батты да, әлеуметтік желіде жарияладым. «Мұндай балуанның болғанын бірінші рет естіп тұрмыз, көбірек мағлұмат берсең» деген өтініштің астында қалдым. Тіпті, Олимпиада ойындарының жүлдегері Людмила Прокашеваның өзі солай жазғанда таңғалдым. Сонан соң пабликтерде де Шәміл ағамыз туралы видеолар пайда бола бастады.

– Елдос Сметов Шәміл Серіковті білмейді деп ойламаймын. Президенттің алдында сөйлеген сөзінде ол кісінің атын атаған жоқ. Бірақ, спортшылардың президент алдында не айтатыны, қалай айтатыны – бәрі талай адамның тексерісінен өтіп барып бекітіледі. Сонда да, Шәміл ағамыздың аты әлі күнге дейін ұмыт қалып жатуына не себеп?

– Меніңше, Елдос ол кісі туралы білмейтін де сияқты. Жастардың көбісі Шәміл Серіков туралы мүлде білмейді, естімеген. Менің қатарластарымның арасында да білмейтіндер көп екен. Ол кісіні шеттетіп тастағаны соншалық, тіпті есімін де көпшіліктің жадынан шығарып жіберді. Бұл өте әділетсіз деп ойлаймын. Ол күрестен Даңқ залындағы алғашқы қазақ қой! Міне, осындай батырларымызды қай кезде де насихаттап, біліп жүруіміз керек. Иә, ол кісінің тағдыры ауыр болды, өзіне қол жұмсады. Біреулердің ырқына көнбеді, сол үшін де қудаланды. Бірақ оның спортшы ретінде жасаған ерлігі ұмыт қалмауы керек.

Шәміл аға секілді спортшылар туралы жазып, кино түсіруіміз керек. Қазір бізде Шәміл аға секілді балуан жоқ. Сондықтан жастарымызға өзгелердің емес, солардың күресінен үлгі алуы үшін жағдай жасауымыз қажет. Қырғыздарда Ақжол Махмутов, Жоламан Шаршенбеков секілді мықтылар бар. Олар бозкілемге шыққанда, топты бұзып-жарып өтетінін білесің. Ал Шәміл Серіков те қарсыласты оңды-солды лақтырып отырған. Ал оның ұлтына қатысты жалған ақпарат тарату өте ұят тірлік. Бұл іріткі салушылардың тірлігі деп ойлаймын.

– Уақыт тауып, сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Фото: ашық дереккөзден.

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Никита Михайлис ҚХЛ-дегі 500-ші ойынын өткізді

Никита Михайлис ҚХЛ-дегі 500-ші ойынын өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In